Accessibility links

Трамп еңбек нарығында ЛГБТ өкілдерінің құқығын қорғауға уәде берді


Көрнекі сурет.

АҚШ президенті Дональд Трамп жыныстық азшылық өкілдерінің құқығын олардың жұмысқа орналасуы кезінде қорғауға уәде берді. Ақ үйдің мәлімдеуінше, Трамп 2014 жылы шыққан федералдық билік органдары қызметкерлерін ЛГБТ (лесби, гей, бисексуал және трансгендер) өкілдеріне қарсы кемсітушіліктен қорғайтын жарлықты өзгертпейді.

Құжатта Трамптың "барлық америкалықтың, оның ішінде ЛГБТ қауымдастығының құқығын қорғауға ниетті" екені және "сайлау кампаниясы кезіндегідей ЛГБТ өкілдерінің құқығын құрметтеп, қолдай беретіні" айтылған. АҚШ-тағы ЛГБТ өкілдері Трамп билікке келген соң өз құқықтарының қорғалуына қатысты алаңдаушылық білдіре бастаған.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG