Accessibility links

АҚШ: Елге кіруге тыйым салынған елдердің азаматтары мұқият тексеріледі


Джон Келли, АҚШ-тың ішкі қауіпсіздік министрі.
Джон Келли, АҚШ-тың ішкі қауіпсіздік министрі.

АҚШ-тың ішкі қауіпсіздік министрі Джон Келли болашақта Дональд Трамп елге кіруіне уақытша тыйым салған жеті мұсылман елдерінің азаматтары "мұқият тексерілетінін" мәлімдеді. Оның сөзінше, АҚШ-қа кіретін жеті ел азаматтарының әлеуметтік желілердегі аккаунттары мен телефон қоңыраулары да тексеріледі. Келли әлемде бұл жеті мемлекеттен өзге "бізді азаматтарының қауіп төндірмейтініне сендіре алатындай заң тәртібі орнамаған және азаматтары туралы ақпараты қорғалмаған" елдер "жеткілікті" екенін айтты.

Джон Келли кейбір ақпарат құралдарының оны Трамптың жаңа саясаты туралы алдын ала хабардар болмаған деген мәліметін жоққа шығарды. Келлидің сөзінше, ол Трамптың жарлығы жарияланбай тұрып оның екі нұсқасымен танысқан. 27 қаңтарда Трамп Иран, Ирак, Йемен, Сирия, Сомали, Судан және Ливия азаматтарының және барлық босқындардың елге кіруіне 90 күнге дейін тыйым салу туралы жарлық шығарған. Келли 90 күн ішінде жаңа тексеру шаралары енгізілмесе тыйым мерзімі ұзартылуы мүмкін екенін де айтты.

АҚШ-тың кеден қызметі және шекараны қорғау комиссарының міндетін атқарушы Кевин МакАлинен аталған елдерден шыққан қос азаматтығы бар азаматтар, егер тыйым салынбаған елдің де азаматы болса онда АҚШ-қа сол елдің атынан кіре алатынын түсіндірді.

XS
SM
MD
LG