Accessibility links

Америкалық дипломаттар Трамптың иммиграциялық саясатына қарсы


АҚШ мемлекеттік департаментінің логотипі (Көрнекі сурет).
АҚШ мемлекеттік департаментінің логотипі (Көрнекі сурет).

АҚШ мемлекеттік департаменті әлем бойынша 900-ге тарта америкалық дипломат президент Дональд Трамптың мұсылмандар басым тұратын жеті мұсылман елінің азаматтары мен босқындарды елге кіргізуге салған уақытша тыйымына қарсылық білдірп жатқанын растады.

Ресми тұлғалардың мәлімдеуінше, өткен аптада қабылданған жарлыққа қарсы меморандум арналар арқылы таратылған, департамент қызметкерлері сол арқылы ресми саясатқа қарсылығын білдіре алады.

30 қаңтарда Трамп бас прокурор әрі әділет министрінің міндетін атқарушыны сотта президенттің жарлығын қорғаудан бас тартқаны үшін отставкаға жіберген. 31 қаңтарда Ақ үйдің баспасөз хатшысы Шон Спайсер кадрлық дипломаттарға шектеу шаралары "АҚШ-тың қауіпсіздігі үшін жасалғанын" айтып, олардың я президент саясатын қолдауы, я болмаса қызметтен кетуі тиіс екенін ескертті.

Дипломаттар шектеу шаралары АҚШ-тың мұсылман елдерімен қарым-қатынасын нашарлатып, антиамерикалық көңіл-күй туындатады және АҚШ-қа кіруіне заңды себебі барларға зардабын тигізеді дейді.

Бұдан өзге, дипломаттар жаңа саясат "Американың ешкімді кемсітпеу, шынайы саясат жүргізу және жылы қабақ таныту сияқты құндылықтарына қайшы келеді" дейді. "Біз бұл тыйымнан да жоғары тұрмыз" дейді дипломаттар.

Дональд Трамп 27 қаңтарда Иран, Ирак, Йемен, Сирия, Сомали, Судан және Ливия азаматтарының елге кіруіне 90 күнге дейін, босқындардың кіруіне 120 күнге дейін, ал сириялық босқындардың кіруіне шексіз мерзімге дейін тыйым салу туралы жарлық шығарған.

XS
SM
MD
LG