Ресейліктердің 80 пайызға жуығы ел экономикасы дағдарыс жағдайында тұр деп санайды деп мәлімдеді қоғамдық сауалнама қорытындысына сүйенген "Левада-Центр" орталығы.
Сауалнамаға қатысқандардың шамамен жартысы дағдарыс бір жылға созылады деп санаса, соншасы керісінше дағдарыс кем дегенде екі жылға немесе одан да ұзақ уақытқа созылады және оның салдары бірнеше жыл сезіледі деп ойлайды.
Жауап бергендердің 17 пайызы ғана Ресейде қазір экономикалық дағдарыс жоқ деген пікір білдірген.
Сауалнама Рсеейдің 48 қаласында жүргізілген. "Левада-Центр" социологы Марина Красильникованың РБК басылымына айтуынша, сауалнама қорытындысы ресейліктердің көпшілігі экономиканың дағдарысқа түскеніне мойынсұнғанын көрсетеді.