Accessibility links

Кировта Навальныйға қарсы іс бойынша сот жалғасты


Сот приставтары Алексей Навальныйды (ортада) ККҚ кеңсесінен алып барады. Мәскеу, 31 қаңтар 2017 жыл.
Сот приставтары Алексей Навальныйды (ортада) ККҚ кеңсесінен алып барады. Мәскеу, 31 қаңтар 2017 жыл.

Ресейдің Киров қаласында бүгін "Кировлес" ісі бойынша кезекті сот отырысы басталды. Бұл іс бойынша Коррупциямен күрес қорын (ККҚ) құрған оппозициялық саясаткер Алексей Навальный мен бизнесмен Петр Офицеров айыпталушы ретінде сотталып жатыр.

Кеше Мәскеуде ККҚ кеңсесіне сот приставтары барған. Олар Навальныйды ұшу билеті 1 ақпанға алынғанына қарамастан Кировқа ұшатын рейске салып жіберді. 30 қаңтарда ауруханаға түсіп, келесі күні тексеру келгенде ауруханадан шығарылған Офицеров те Кировке Навлаьныймен бірге барды.

Сот отырысында Навальный сот приставтары қолданған шараның шектен шығып кеткенін айтты. Навальный Офицеров екеуі қазір сотта бұрынғы іс бойынша жеңіске жеткендіктен ғана отырғанын мәлімдеді.

30 қаңтарда сот айыптаушының Навальный мен Офицеровты сотқа мәжбүрлеп әкелдірту туралы өтінішін қанағаттандырған. Сол күнгі сотқа Навальный де, Офицеров та бармаған.

2013 жылы Навальный мен Офицеров шартты мерзімге сотталған. Оларға 10 мың текше метр ағашты жымқырып, Кировск облысының бюджетіне 16 миллион рубль зиян шектірді деп айыпталған. Еуропаның адам құқықтары жөніндегі соты сот үкімін заңға қайшы деп тапқан. Ал 2016 жылы қарашада Ресей Жоғарғы соты үкімді жойып, "Кировлес" ісін қайта қарауға жіберген.

XS
SM
MD
LG