Accessibility links

SIGAR: Ауған күштері территориясынан айырылып жатыр


Нангархар уәлаятындағы ауған қауіпсіздік күштерінің сарбазы (Көрнекі сурет).
Нангархар уәлаятындағы ауған қауіпсіздік күштерінің сарбазы (Көрнекі сурет).

Ауғанстан қауіпсіздік күштері 2014 жылдың соңында қауіпсіздікті қамтамасыз ету міндеті НАТО-дан Кабулге өткелі бері елде бүлікшілерге біраз территорияны беріп қойды деп хабарлайды Ауғанстанды қалпына келтіру жөніндегі арнайы инспектор (SIGAR). Америкалық бақылау ұйымының мәліметінше, 2016 жылғы қараша айының ортасындағы жағдай бойынша Ауғанстанның 407 ауданының шамамен 57 пайызы үкімет күштерінің ықпалында немесе бақылауында болған. Бұл - 2016 жылдың тамызындағы көрсеткіштен 6,2 пайызға, ал бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 15 пайызға төмен.

SIGAR қазір Ауғанстан халқының үштен бірі, немесе 9,2 миллион адам "даулы территорияларда тұратынын" айтады. Екі жарым миллиондай адам бүлікшіл күштердің бақылауындағы немесе ықпалындағы аудандарда тұрады. Ұйым үш ай бұрын мұндай аудандарда 2,9 миллион адам тұрғанын айтады. "Талибан" қозғалысының бақылауындағы аудандар тұрғындарының санының азаю себептері белгісіз. SIGAR баяндамасында тұрғындар санының азаю себептерінің бірі қақтығыстан ел аумағында көшіп-қонғандар санының артуы көрсетілген.

БҰҰ мәліметі бойынша, 2016 жылы 640 мыңға тарта ауғандық үй-жайын тастап кетуге мәжбүр болған. Баяндамада Ауғанстан қауіпсіздік күштері қызметкерлері арасындағы өлім өткен жылмен салыстырғанда 35 пайызға азайғаны келтіріледі. Баяндама авторлары бұл Кабулды одан ары да қолдап, Ауғанстан үкіметі мен оның қауіпсіздік күштеріне донорлық көмек беруді жалғастыра беру қажеттігін көрсетеді дейді.

XS
SM
MD
LG