Accessibility links

Астанада Алаш зиялыларының еңбегін дәріптеуді талқылады


Алаш орда зиялылары - бірінші қатарда солдан оңға қарай: Халел Ғаббасов, Міржақып Дулатов, Ахмет Байтұрсынов, Мұхтар Әуезов. Екінші қатарда (солдан оңға): Жүсіпбек Аймауытов, Әлкей Марғұлан, Абдолла Байтасов.

Астанада бүгін Алашорда қозғалысының құрылғанына 100 жыл толуына орай Алаш зиялыларының шығармашылық мұраларын жарыққа шығару және жандандыру мәселелері талқыланды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Премьер-министрдің орынбасары Иманғали Тасмағамбетовтің төрағалығымен өткен жиында Тасмағамбетов 20 ғасыр басында Алашорда зиялылары азаттық үшін күресте маңызды рөл атқарғанын айтқан.

Жиында Ахмет Байтұрсыновтың мұражай-үйін мемлекет меншігіне өткізіп, оған республикалық мұражай мәртебесін беру, ғалымның ғылыми еңбектерін жариялау, Байтұрсынов мен "Алаш" қозғалысыны жөнінде деректі фильм түсіру мәселелерін жедел қолға алу қажеттігі айтылған. Жиын соңында Тасмағамбетов мәдениет және спорт министрлігіне Алаш Орда үкіметінің құрылуы мен қалыптасуына үлес қосқан зиялылардың өмірбаянын зерттеп, кітап шығаруды және Ахмет Байтұрсынов еңбектерінің бірнеше томдығын шығаруды тапсырған.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG