Accessibility links

Алматыда видеодан шыққан даудан соң аурухана басшысы ауысты


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Алматыда "науқастарды айналдырып бұрай түсуге" шақырған видеодан шыққан даудан соң аурухана басшысы ауысты. Қалалық денсаулық сақтау басқармасының ақпаратына қарағанда, 1 ақпанда қалалық №7 клиникалық аурухананың бас дәрігері болып Марат Абдуллаев тағайындалған. Ол бұған дейін Орталық клиникалық аурухананы басқарған.

№7 аурухананың бұрынғы бас дәрігері Әнуар Аманов интернетте өзінің "этикалық нормаға сай келмейді" деп танылған видеосы жарияланған соң "өз еркімен" қызметінен кеткен. 2015 жылы - Аманов қалалық №4 клиникалық аурухананың бас дәрігері болып тұрған кезде түсірілген видеода Амановқа ұқсайтын ер адам "науқастарды айналдыра түсу" қажетін айтады. Интернетте көпшілік жұрт мұны науқастарды себепсіз қосымша медициналық тексеруден өтуге мәжбүрлеуге шақыру деп ұққан.

Орталық клиникалық аурухананы қалалық ревматологиялық орталықтың директоры болған Нұрлан Тұрдалин басқармақ.

XS
SM
MD
LG