Accessibility links

Украина БҰҰ Қауіпсіздік кеңесін бір ай басқарады


БҰҰ-дағы Украина елшісі Владимир Ельченко.
БҰҰ-дағы Украина елшісі Владимир Ельченко.

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне бүгіннен бастап бір ай Украина төрағалық етеді. Қауіпсіздік кеңесі төрағасы міндеті БҰҰ-дағы Украина елшісі Владимир Ельченкоға өтеді. Украина - БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес 10 мүшесінің бірі.

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне вето қою құқығына ие тұрақты мүше бес ел бар: АҚШ, Ресей, Қытай, Ұлыбритания және Франция. 10 тұрақты емес мүше мемлекет екі жылда бір рет сайланады.

Келесі айда Қауіпсіздік кеңесіне төрағалық ету міндеті Украинадан Ұлыбританияға өтеді.

Биыл қаңтардың 1-інен бастап Қазақстан да БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне тұрақты емес мүшесі болып енді. Жыл басынан бері кеңестің тұрақты емес мүшелері қатарына төрт ел - Боливия, Эфиопия, Италия және Швеция қосылған.

XS
SM
MD
LG