Accessibility links

Ресей ақпарат құралдары Трампты Путиннен жиі атаған


АҚШ президенті Дональд Трамп.
АҚШ президенті Дональд Трамп.

Биылғы қаңтардың 20-сынан бастап қызметіне ресми түрде кіріскен АҚШ президенті Дональд Трамптың есімі сол айда ресейлік бұқаралық ақпарат құралдарында ең көп рет аталған.

Соңғы бірнеше жыл бойы тізім басын бермей келген Ресей президенті Владимир Путин бұл жолы екінші орынға түскен.

"Интерфакс" агенттігі өзі құрған "Жаңалықтарды кешенді талдау жүйелері" дерек іздеу базасына сілтеме жасап хабарлауынша, қаңтар айында ресейлік саяси-қоғамдық және экономикалық түрлі ақпарат құралдарында Трамптың аты-жөнін 202 мың мәрте, Путинді - 147 мың рет атаған.

Бұған дейін Путин аталған тізімде екінші орынға соңғы рет 2011 жылы, Дмитрий Медведев Ресей президенті болып тұрған кезде жылжыған.

XS
SM
MD
LG