Accessibility links

Универсиадада қазақстандық спортшы жарақат алды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Алматыда өтіп жатқан қысқы универсиадаға тау шаңғысынан қатысқан қазақстандық Екатерина Карпова ауыр жарақат алып, қаладағы ауруханалардың біріне жеткізілді.

Карпова бүгін, 1 ақпанда Шымбұлақ спорт кешенінде өткен жарыста таудан жоғары жылдамдықпен ылдилап келе жатқанда шаңғысына шалынып құлаған. Спортшыны дәрігерлер жедел жәрдеммен алып кетті. Жаттықтырушылар спортшы алдағы жарыстарға қатыспайтынын хабарлады.

Универсиаданың үшінші күні Қазақстан спортшылары медаль алған жоқ. Жалпы есепте он алтын алған Ресей бірінші орында тұр. Қазақстан (2 алтын, 2 күміс, 3 қола) екінші орында келеді.

XS
SM
MD
LG