Accessibility links

Рекс Тиллерсон АҚШ мемлекеттік хатшысы болып бекітілді


Рекс Тиллерсон, АҚШ мемлекеттік хатшысы.

АҚШ сенаты ExxonMobil мұнай корпорациясының бұрынғы басшысы Рекс Тиллерсонды АҚШ мемлекеттік хатшысы етіп бекітті. 56 сенатор Тиллерсонды қолдап, 43-і қарсы дауыс берді. Президент Дональд Трамп ұсынған Тиллерсонның кандидатурасын барлық республикашыл сенатор мен төрт демократ қолдады.

Тиллерсон бұрын әлемдегі ең ірі мұнай компаниясын басқарғандықтан оның мемлекеттік хатшылыққа тағайындалуы біраз дау тудырды. Бұрынғы қызметінде ол әлемнің түрлі аймағында, соның ішінде Ресейде мұнай өндіру жобаларын басқарған. Сенаттағы демократтардың біразы Тиллерсон Ресейге қатысты тым жұмсақ саясат ұстанып, Ресейге салынған санкцияларды жоюға талпынуы мүмкін деп алаңдайды.

XS
SM
MD
LG