Accessibility links

Ұлыбритания парламентінің төменгі палатасы Brexit келіссөзін қолдады


Биг Бен мұнарасы сағатының жанындағы Ұлыбритания туы, Лондон (Көрнекі сурет).
Биг Бен мұнарасы сағатының жанындағы Ұлыбритания туы, Лондон (Көрнекі сурет).

Ұлыбритания парламентінің өкілдер палатасы елдің Еуропа Одағынан (ЕО) шығу процедурасын бастау туралы заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады. Заң жобасы премьер-министр Тереза Мэйге ЕО басшылығымен Brexit келіссөзін бастауына құқық береді. ЕО-ны құру туралы Лиссабон келісіміне сай келіссөз екі жылдан көп емес уақытқа созылады.

Заң жобасын басқарушы консерваторлар және оппозиция өкілдерінің көпшілігі қолдаған. Алдағы апталарда заң жобасы өкілдер палатасына салалық комитеттер деңгейінде егжей-тегжейлі талқылау үшін қайта ұсынылады. Бұдан соң лордтар палатасына жіберіледі.

1 ақпанда Тереза Мэй 2 ақпанда үкіметтің ЕО-дан шығу іс-қимылының толық жоспары жарияланатынын растады. Сонымен қатар Ұлыбританияда тұратын ЕО елдері азаматтарының келешек мәртебесі де анықталмақ.

Мэй кабинеті Brexit келіссөзін парламенттің келісімінсіз бастау құқығына ие болған еді, бірақ Жоғарғы сот өткен аптада үкіметті мұндай құқығынан айырған.

2016 жылы 23 маусымда өткен референдумда британ сайлаушыларының көпшілігі елдің ЕО-дан шығуын қолдаған.

XS
SM
MD
LG