АҚШ президентінің әкімшілігі америкалық грин-картасы бар азаматтардың барлығына елге кіруге рұқсат берді. Reuters-агенттігінің хабарлауынша, мұндай нақтылау президент Дональд Трамптың миграцияны шектеу туралы жарлығын орындау жөніндегі инструкцияға енгізілген.
Трамптың 27 қаңтарда шығарған жарлығы бойынша, Иран, Ирак, Ливия, Сомали, Судан Сирия және Йемен азаматтарының АҚШ-қа кіруіне 90 күнге дейін тыйым салынады. Босқындардың кіруіне 120 күнге дейін, сириялық босқындардың кіруіне мүлдем тыйым салынады. Тыйым тіпті америкалық виза мен грин-картасы барларға да салынған еді.
Трамп сайлауалды кампаниясы кезінде мұсылмандарды "АҚШ-қа қауіп төндіреді" деп, олардың елге кіруіне тыйым салған. Миллиардердің сөзі БАҚ пен әлеуметтік желілерде сынға ұшыраған соң, кейінірек Трамптың жақтастары әңгіме барлық мұсылмандар туралы емес, АҚШ-қа жетуге ұмтылатын радикалдық исламшылар туралы болғаны мәлімдеген.