Accessibility links

Галина Вишневская универсиадада алтын алды


Қазақстандық биатлоншы Галина Вишневская Алматыдағы универсиадада. 31 қаңтар 2017 жыл (Сурет авторы - Ізтұрған Алдауев).
Қазақстандық биатлоншы Галина Вишневская Алматыдағы универсиадада. 31 қаңтар 2017 жыл (Сурет авторы - Ізтұрған Алдауев).

Қазақстандық биатлоншы Галина Вишневская Алматыда өтіп жатқан Қысқы универсиадада алтын медаль алды. Вишневская 7,5 километр қашықтыққа жекелей жарыста бірінші орын алды. Нысана атуда Вишневская 10 мүмкіндіктің біреуін мүлт жіберді.

Бұл жарыста күмісті украиналық Яна Бондарь, қоланы ресейлік Анастасия Егорова алды.

Қазақстан осымен универсиаданың үшінші алтынын алып отыр. Бүгінге дейін Қазақстан екі алтын екі күміс және төрт қола иеленген.

XS
SM
MD
LG