Accessibility links

Қазақстан универсиадада төртінші алтын алды


Юлия Галышева, қазақстандық фристайлшы
Юлия Галышева, қазақстандық фристайлшы

Қазақстандық фристайлшы Юлия Галышева Қысқы универсиадада фристайлдың могул деп аталатын түрінен алтын медаль алды. Галышева қорытынды есепте 73,80 ұпай жинап алға шықты. Күмісті ресейлік Анастасия Первушина (62,13 ұпай), қоланы Австрия спортшысы Катарина Рамзауер (52,08 ұпай) алды. Жарыс Шымбұлақ спорт кешенінде өтіп жатыр.

Қазақстан бүгін осымен екінші алтынға ие болып отыр. Бүгін бұдан бұрын биатлоншы Галина Вишневская 7,5 километрлік спринт пен нысана ату бойынша үздік нәтиже көрсетіп, алтын алған.

Қазір Қазақстанда универсиаданың төрт алтын, екі күміс және төрт қола жүлдесі бар.

XS
SM
MD
LG