Алматыда өтіп жатқан Қысқы универсиадада қазақстандық фристайлшы Дмитрий Рейхерд фристайлдың могул түрінен алтын медаль жеңіп алды. Қорытынды есепте Рейхард 79,94 ұпай жинады. Күмісті ресейлік спортшы Сергей Шимбуев (79,11 ұпай), қоланы қазақстандық тағы бір фристайлшы Павел Колмаков (76,95 ұпай) алды.
Бүгін сонымен қатар қазақстандық биатлоншы Роман Еремин 10 километрлік спринтте қола медаль алды.
Жарыс Шымбұлақ спорт кешенінде өтіп жатыр.
Бүгін бұдан бұрын фристайлшы Юлия Галышева мен биатлоншы Галина Вишневская да алтын алған.
Соңғы есеп бойынша, Қазақстан құрамасында универсиаданың бес алтын, екі күміс және алты қола жүлдесі бар.