Accessibility links

Донбаста екі украин солдаты оққа ұшты


Авдеевка қаласының көшелерінде жүрген украин армиясының танктері. 1 ақпан 2017 жыл.
Авдеевка қаласының көшелерінде жүрген украин армиясының танктері. 1 ақпан 2017 жыл.

Украина билігі бүгін елдің шығысында ресейшіл сепаратистермен кескілескен ұрыста бір күнде екі үкімет солдаты қаза тапқанын хабарлады. Украина әскерилерінің ақпаратына қарағанда, қақтығыстан тағы 10 солдат жараланды.

Украин шенеуніктері бұған дейін бесінші күнге ұласқан қақтығыстардан сегіз сарбазы оққа ұшқанын хабарлаған.

Донецкідегі сепаратистер 1 ақпан күні кешке атқылаудан екі бейбіт тұрғынның жараланғанын хабарлады.

Донецкіден солтүстікке қарай үкімет әскерінің бақылауында орналасқан Авдеевка ауданында соғысып жатқан екі жақ бірінші болып оқ атты деп бір-бірін айыптап жатыр. Авдеевкада соңғы бір апта шегінде басталған ұрыстан көптеген тұрғындар электр қуатынан ажырап, ауыз сусыз және жылусыз қалған.

Associated Press агенттігінің хабарлауынша, 2 ақпанда Авдеевкада ауыз су мен жылу жартылай беріле бастаған.

Украинаның шығысында 2014 жылдың сәуірінде басталған соғыстан 9450-ден астам адам қаза тапты.

XS
SM
MD
LG