Accessibility links

Бішкек: Қырғызстанның ЕАЭО елдерімен сауда айналымы азая бастады


Өндірістегі қырғыз жұмысшылары (Көрнекі сурет).
Өндірістегі қырғыз жұмысшылары (Көрнекі сурет).

Қырғызстан Еуразия экономикалық одағына (ЕАЭО) кірген соң одақ құрамындағы елдермен арадағы сауда айналымы төмендеп барады. Соңғы екі жыл қатарынан экспорт пен импорт көлемі бірдей төмендеген. Бұл туралы бүгін Қырғызстан үкіметінің елдің ЕАЭО-ға кіруінің нәтижелері туралы жасаған есебінде айтылады.

2016 жылдың 11 айында Қырғызстанның ЕАЭО елдерімен сауда айналымы 16,7 пайызға, оның ішінде елдің басты сауда әріптесі - Ресеймен сауда айналымы 6,1 пайызға азайған. 2015 жылы Қырғызстан мен Ресейдің сауда айналымы 1 миллиард 312 миллион долларды құраса, 2016 жылы ол 958 миллион доллар ғана болған. Қазақстанмен сауда айналымында аса өзгеріс болмаған - 2015 жылы 739,4 миллион доллар, 2016 жылы 748,6 миллион доллар.

Қырғызстан билігі ЕАЭО-ға кірсе одақ елдерімен өзара сауда көлемі артады деп үміттенген. Бірақ үкімет қорытынды жасау үшін басқа да факторларды ескеру қажет дейді.

"Экономикалық трендтерді ескеріп, Ресей мен Қазақстандағы жағдайларға назар аудару керек. Бұл елдердің экономикасында қазір өсім жоқ. Теңге мен рубльдің құлдырауы бұл елдер тұрғындарының сатып алу мүмкіншілігін азайтты. Ең басты фактор осы деп санаймыз. Еуропа елдерімен және Қытаймен сауда айналымымыз олардың экономикалық өсімінің көлеміне сай артып келеді" деді Қырғызстан жкономика министрінің орынбасары Эльдар Абакиров.

XS
SM
MD
LG