Accessibility links

Шаңғышы Иван Люфт универсиада алтынын ұтып алды


Универсиададағы тау шаңғысы жарысына қатысып жатқан спортшы. Алматы. 1 ақпан 2017 жыл (Сурет универсиаданың баспасөз қызметінен алынды).
Универсиададағы тау шаңғысы жарысына қатысып жатқан спортшы. Алматы. 1 ақпан 2017 жыл (Сурет универсиаданың баспасөз қызметінен алынды).

Қазақстандық шаңғышы Иван Люфт Алматыда өтіп жатқан универсиадада шаңғы спринтінде алтын медаль жеңіп алды. Күміс және қола жүлделерді ресейлік спортшылар Владимир Фролов және Егор Березин иеленді.

Бұл жарыста қазақстандық тағы бір шаңғышы Олжас Климин мәреге төртінші болып келді.

Әйелдер арасындағы жарысты қазақстандық шаңғышы Анна Стоян шаңғымен классикалық стильде жекелей спринтте қола медаль алды. Бұл жарыста алтын мен күміс жүлделерді ресейлік шаңғышылар жеңіп алды.

Қазақстан құрамасында осымен универсиаданың алты алтыны, екі күміс және жеті қола жүлдесі бар.

XS
SM
MD
LG