Accessibility links

Ұлыбритания үкіметі ЕО-дан шығудың толық жоспарын жариялады


Тереза Мэй, Ұлыбритания үкіметі.
Тереза Мэй, Ұлыбритания үкіметі.

Ұлыбритания үкіметі елдің Еуропа Одағынан (ЕО) шығуының толық жоспарын жариялады. Құжат енді 1 ақпанда парламенттің өкілдер палатасы мақұлдаған Brexit келіссөзін бастау туралы заң жобасына қосылады. Ол заң жобасының негізінде премьер-министр Тереза Мэй ЕО басшылығымен Brexit келіссөзін бастау құқығына ие болған. ЕО-ны құру жөніндегі Лиссабон келісіміне сай, келіссөз мерзімі екі жылдан аспауы тиіс.

brexit келіссөзін бастау туралы заң жобасы өкілдер палатасының салалық комитеттерінде қаралады. Құжат толық мақұлданса Лордтар палатасына жіберіледі.

Мэй кабинеті әуелде Brexit келіссөзін парламенттің келісімінсіз бастау құқығына ие болған еді, бірақ өткен аптада Жоғарғы сот ол құқықтан айырған.

Ұлыбританияда 2016 жылдың 23 маусымында өткен референдумда британ сайлаушыларының көпшілігі елдің ЕО-дан шығуын қолдап дауыс берген.

XS
SM
MD
LG