Accessibility links

Еуропа парламенті Грузия азаматтарына визасыз сапарлауға рұқсат берді


Еуропа парламенті алдында тұрған ЕО елдерінің тулары, Страсбург (Көрнекі сурет).
Еуропа парламенті алдында тұрған ЕО елдерінің тулары, Страсбург (Көрнекі сурет).

Еуропа парламенті Грузия азаматтарына "Шенген аймағы" елдеріне визасыз кіруге рұқсат етуге дауыс берді.

Дебат кезінде Еуропа парламенті депутаттарының көпшілігі Грузия азаматтарына визасыз режим тәртібін қолдануды қолдап дауыс берді. Дегенмен, Ұлыбритания мен Нидерланд депутаттары Грузиямен арада мұндай режим енгізуге әлі ерте деп, қарсы болды.

Бұған дейін Еуропа парламентінің депутаты, Грузия бойынша баяндама жасаған Мария Габриэль бірқатар техникалық мәселелерді шешу қажет болғандықтан Грузия азаматтары ЕО елдеріне визасыз наурыздың соңынан бастап қана кіре алатынын айтты.

Грузия телеарналары тікелей эфирден көрсеткен Еуропа парламентінің отырысында ЕО Грузия тарапынан қандай да бір ереже бұзылған жағдайда Шенген аймағы елдеріне елдеріне визасыз кіру тәртібін тоқтататыны айтылды.

XS
SM
MD
LG