Accessibility links

Назарбаев банктердің бірігуін қолдайтынын білдірді


Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан президенті.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Астанада өткен үкімет жиынында қазақстандық банктердің бірігу процесін қолдайтынын мәлімдеді. Жиында Назарбаев әлемде экономикалық дағдарыс кезінде ірі компаниялардың да біріккенін мысалға келтіріп, банктердің де біріккенін қолдайтынын білдірді.

"Біріксін. Акционерлер егер банктерін сақтап қалғысы келсе өз қаржысын салады. Банктерді сақтаудың басқа тәсілі жоқ. Олар экономикаға керек емес, демек өмір сүруге де құқығы жоқ" деді Назарбаев.

Қазақстан президенті сонымен қатар Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевтің өзіне артылған міндетті орындай алып жатқанын айтып, оның саясатын қолдайтынын жеткізді.

Жиын кезінде Данияр Ақышев Ұлттық банк банк секторын оңалтудың кешенді шараларын дайындауға кіріскенін айтты. Оның сөзінше, банк секторын оңалту көпшілігі үшін қиын процесс болуы мүмкін, себебі ол акционерлердің қосымша қаржы салуын, я бір-бірімен бірігуін талап етеді.

Бұған дейін "Халық банк" пен "Казкоммерцбанк" мәміле бойынша алдын ала келіссөз жүргізе бастағанын хабарлаған. Ал бірер күн бұрын "Цеснабанктің" "Банкцентркредитпен" қосылу мүмкіндіктерін қарастырып жатқаны хабарланған.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG