Accessibility links

Универсиада: Биатлоншы Вишневская жарыстан шығарылды


Қазақстандық биатлоншы Галина Вишневская Алматыдағы универсиадада. 31 қаңтар 2017 жыл (Сурет авторы - Ізтұрған Алдауев).
Қазақстандық биатлоншы Галина Вишневская Алматыдағы универсиадада. 31 қаңтар 2017 жыл (Сурет авторы - Ізтұрған Алдауев).

Қазақстандық биатлоншы Галина Вишневская Алматыда өтіп жатқан универсиадада 10 километр қашықтықта із қуу сайысында жарыс ережесін бұзғандықтан жарыстан шығарылды. Вишневская нысана атуда жатып атудың орнына түрегеп тұрған күйі атып қойған. Бұған дейін 7,5 километр қашықтықта универсиада алтынын алған Вишневская бұл жарыста да фаворит саналған еді.

Бұл жарыс бойынша алтында украин спортшысы Надежда Белкина, күміс пен қоланы ресейліктер Ольга Шестерикова мен Лариса Куклина алды.

Қазақстанда қазір универсиаданың алты алтын, екі күміс және жеті қола медалі бар.

XS
SM
MD
LG