Accessibility links

АҚШ елшісі: Қырым қайтарылмайынша санкция жойылмайды


Никки Хейли, АҚШ-тың БҰҰ-дағы елшісі.
Никки Хейли, АҚШ-тың БҰҰ-дағы елшісі.

АҚШ-тың БҰҰ-дағы жаңа елшісі Никки Хейли Ресейдің Украинаның шығысындағы іс-қимылын "қатаң айыптайтынын" білдірді. Елші сонымен қатар Ресейдің Украинаға қатысты саясатына байланысты енгізілген санкциялар Қырым Украинаға қайтарылмайынша алынбайтынын ескертті.

"Қырым Украинаның бөлшегі саналады. Біздің Қырыммен байланысты салған санкцияларымыз Ресей түбекті басқаруды Украинаға қайтармайынша күшінде қала береді" деді Хейли БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде жасаған мәлімдемесінде.

"Әрине, Ресейдің басқыншылық саясатынан Украинаның шығысы ғана жапа шегіп отырған жоқ. АҚШ мұны айыптайды және Ресейдің Қырымды оккупациялауын дереу тоқтатуға шақырады" деді Хейли.

АҚШ-тың жаңа елшісі "Біз Ресеймен байланысымызды жақсартқымыз келеді, бірақ Украинаның шығысындағы ауыр жағдай Ресейдің әрекетін айқын және қатал түрде айыптауды талап етіп отыр" деді.

Ресей Қырымға 2014 жылы наурызда түбекке әскер кіргізіп, референдум өткізген соң бақылау орнатқан. Референдумды Украина мен 99 мемлекет заңсыз деп сынаған.

XS
SM
MD
LG