Accessibility links

Парижде солдат Луврге кірмек болған күдікті адамды атып жаралады


Париждегі Лувр мұражайының маңында жүрген полиция қызметкерлері мен қарулы сарбаздар. Франция, 3 ақпан 2017 жыл.
Париждегі Лувр мұражайының маңында жүрген полиция қызметкерлері мен қарулы сарбаздар. Франция, 3 ақпан 2017 жыл.

Парижде полиция Лувр мұражайына пышақпен кірмек болған ер адамды атып жаралады деп хабарлайды ақпарат агенттіктері.

Бірнеше агенттіктің полициядағы дереккөзідеріне сілтеме жасап хабарлауынша, ер адам мұражайдың жерасты дүкеніне чемоданмен кірмек болған. Полиция мұражай аумағының қоршалғанын хабарлады. Ішкі істер министрлігі оқиғаны Twitter-е "назар аудартарлық" деп атады.

Лувр мұражайының баспасөз қызметі мұражайдың белгілі бір уақытқа жабылғанын хабарлағанымен, аумағы қоршалғанына қатысты ақпар бермеді.

Reuters агенттігі полицияның мұражайға кіреберісті жапқанын хабарлады.

Францияда соңғы екі жылда исламшыл содырларға телінген шабуылдар мен жарылыстар жиілеген.

XS
SM
MD
LG