Accessibility links

Лукашенко: Минск қысымға қарамастан хаос пен арандатудан аулақ болады


 Беларусь президенті Александр Лукашенко баспасөз конференциясында отыр. Минск, 3 ақпан 2017 жыл.
Беларусь президенті Александр Лукашенко баспасөз конференциясында отыр. Минск, 3 ақпан 2017 жыл.

Беларусь президенті Александр Лукашенко өз елі "бей-берекетсіздік пен кикілжің тудыру" әрекеттеріне қарсы тұрып, көршілерімен қарым-қатынасын шиеленістіріп алудан сақтануы тиіс екенін мәлімдеді. Лукашенко бұл туралы бүгін Минскіде өткен баспасөз конференциясында айтты.

"Беларусьте бей-берекетсіздік орнатып, кикілжің тудырғысы келетін күштер бар. Біз күрделі геосаяси ауанда бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтап қала алдық" деді Лукашенко.

Лукашенко 10 миллион халқы бар, теңізге шыға алмайтын Беларусь "Еуразия құрлығының ортасында" орналасқанын айтып, өзіне көрші таңдамағанын айтты. "Біз барлық көршімізбен дос болуға тиіспіз. Украина да, Ресей де, Польша да бізге бөтен емес. Олар біздің көршіміз және бізді олармен Құдай көрші қылған" деді Беларусь басшысы.

Ресейдің 2014 жылы Украинадан Қырым түбегін тартып алып, Украина шығысындағы сепаратистерге қолдау көрсетуі аймақ елдерінің Мәскеудің пиғылына алаңдаушылығын тудырды.

XS
SM
MD
LG