Accessibility links

АҚШ Иранға қарсы жаңа санкция енгізді


Иранның 2016 жылғы наурызда жасаған зымыран сынағы. (Көрнекі сурет.)
Иранның 2016 жылғы наурызда жасаған зымыран сынағы. (Көрнекі сурет.)

АҚШ қаржы министрлігінің хабарлауынша, Иранның зымыран бағдарламасына немесе Ислам революциясы сақшылары корпусына қатысы бар 25 жеке тұлға мен ұйым жаңа санкциялық тізімге енгізілген.

Тегеран Вашингтон енгізген санкцияларға жауап беруге уәде етіп отыр деп хабарлады батыс ақпарат құралдары Иран ресмилеріне сілтеме жасап.

Бұдан екі күн бұрын АҚШ Иранның жасаған баллистикалық зымыран сынағына және Сауд Арабиясы кемесіне шабуылдаған Йемендегі хусит көтерілісшілерін қолдауына қарсылығын ресми түрде ескерткен.

Бұған дейін Иран еркін күрестен әлемдік жарысқа қатысуға барған америкалық спортшыларды елге кіргізбей қойған. Иран сыртқы істер министрлігі мұны өзге елдермен бірге Иран азаматтарының да Құрама Штаттарға кіруіне тыйым салған Ақ үйдің шешіміне жауап деп мәлімдеген.

АҚШ президенті Дональд Трамптың қаңтардың 28-і күні шығарған жарлығына сәйкес, Ирак, Иран, Йемен, Ливия, Сирия, Сомали және Судан азаматтарының Құрама Штаттарға кіруіне 90 күнге дейін, босқындардың кіруіне 120 күнге дейін, сириялық босқындардың кіруіне мүлдем тыйым салынған.

XS
SM
MD
LG