Accessibility links

Париждегі шабуылға күдіктінің кім екені әлі анықталған жоқ


Лувр маңында жүрген полиция мен әскерилер. Париж, 3 ақпан 2017 жыл.
Лувр маңында жүрген полиция мен әскерилер. Париж, 3 ақпан 2017 жыл.

Париж прокуроры Франсуа Моленстің мәлімдеуінше, жұма күні Лувр маңында әскери қызметкерге шабуыл жасаған адамның кім екені ресми түрде әлі анықталған жоқ. Прокурордың айтуынша, әзірше 29 жастағы Египет азаматының Парижге Дубайдан туристік виза бойынша келгені және оған берілген Сауд Арабиясының ықтияр хаты, саудиялық және түркиялық визалары бары ғана белгілі.

Қазір полиция оның сыбайластары бар-жоғын тексеріп жатыр.

Жұма күні Париж орталығында мачетемен (жалпақ пышақ) қаруланған белгісіз біреу Луврды күзетіп тұрған сарбазға шабуыл жасағаны хабарланған. Жеңіл жарақат алған сарбаз қарудан оқ атып, әлгі адам ауыр жараланған. Төтенше оқиға болған жерден жүздеген турист эвакуацияланған.

Франция премьер-министрі Бернар Казнев шабуылды "террористік сипаты бар" деп атаған.

Парижде 2015 жылғы қарашаның 13-інде 130 адамның өмірін қиған террорлық шабуылдардан кейін Франция аумағында енгізілген төтенше жағдай тәртібі әлі күшінде.

XS
SM
MD
LG