Accessibility links

ЕО саммитінде босқындар жайлы жоспар талқыланды


Еуроодақ саммитіне қатысушылар. Валетта, Мальта, 3 ақпан 2017 жыл.
Еуроодақ саммитіне қатысушылар. Валетта, Мальта, 3 ақпан 2017 жыл.

Еуропа Одағы елдері жетекшілері жұма күні Мальтадаға саммитте Еуропаға Жерорта теңізі арқылы келіп жатқан босқындар легін азайту бағдарламасын талқылап, өзара келісімге келді.

DPA агенттігінің дипломаттар арасындағы дерек көзіне сілтеме жасап хабарлауынша, босқындарға қатысты жоспар Ливияға ең алдымен жағалау күзетін нығайту және босқындар лагерін құруға арналған жәрдемді ұлғайту, сонымен бірге өз еркімен еліне қайтуға тілек білдірген босқындарға қаржылай қолдау көрсетуді көздейді.

Саммитте құрамынан Ұлыбритания шыққалы жатқан тұста Еуропа Одағының бірлігін нығайту қажеттігі туралы да сөз болған.

Мальта премьер-министрі Джозеф Мускаттың айтуынша, АҚШ президенті Дональд Трамп пен оның әкімшілігінің кейбір шешімдеріне қатысты алаңдаушылық білдірген Еуроодақ елдері лидерлері әзірше Вашингтонмен қарым-қатынаста ештеңені өзгертпеу туралы келіскен.

XS
SM
MD
LG