Accessibility links

Путинцева Ресейдегі жарыстың жартылай финалына шықты


Юлия Путинцева.
Юлия Путинцева.

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Санкт-Петербургте (Ресей) өтіп жатқан жарыстың жартылай финалына шықты.

Әлемнің 34-ракеткасы ширек финалда әлемнің 8-ракеткасы ресейлік Светлана Кузнецованы 6:4, 6:7, 7:5 есебімен жеңді. Путинцева ширек финалға дейін швециялық Йоханна Ларрсон мен германиялық Анника Бекті ұтқан.

Енді қазақстандық теннисші жартылай финалда әлемнің 5-ракеткасы словакиялық Доминика Цибулковамен кездеседі. Бұл матч 4 ақпанда Астана уақыты бойынша 17:00 шамасында басталады.

Путинцева спорттық карьерасында алғаш рет WTA Premier жарысының жартылай финалына өтті.

XS
SM
MD
LG