Қазақстандық конькиші Екатерина Айдова Алматыда өтіп жатқан қысқы универсиадада 1000 метрге жүгіруде қола медаль иеленді. Алтын медальды ресейлік Александра Кашуркина жеңіп алды, күміс жүлде Ким Хьюн-Юнге (Оңтүстік Корея) берілді.
Бұл - Айдованың Универсиададағы екінші медалі. Ол бұған дейін 1500 метрге жүгіруде қола жүлдегер атанған.
Қазір Қазақстан құрамасы 8 алтын, 2 күміс және 8 қоламен жалпы есепте Ресей командасынан (15 алтын) кейін екінші орында келеді.