Accessibility links

Қазақстанның төрт облысында жол жабық


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Ауа райының бұзылуына байланысты төрт облыста жолдарда автокөлік қозғалысына шектеу енгізілді деп хабарлады жергілікті ақпарат құралдары.

Қазақстан ішкі істер министрлігі төтенше жағдайлар жөніндегі комитетінің ақпаратына сәйкес, Қарағанды облысындағы жолдарда кез келген бағыт бойынша автокөлік қозғалысына тыйым салынған.

Ақтөбе облысында Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз бағытындағы жолдың 92-257 шақырымы аралығында көлік қозғалысы тоқтатылған.

Жамбыл облысында республикалық маңызы бар Алматы-Ташкент тас жолының 534-593 шақырымы да жабылған. Бұған дейін Жуалы ауданы аумағында қар құрсауында қалып қойған 200-ден астам адамды жұманың кешінен бастап таңға дейін эвакуацияланғаны хабарланған.

Оңтүстік Қазақстан облысында Термез-Ташкент-Алматы бағытындағы жолдың 593-632 шақырым аралығы көлік қатынасына тыйым салынған. Соның салдарынан бірнеше ондаған көлік пен жолаушылары жұманың кешінен бастап жолда қаңтарылып тұрып қалғаны туралы оқиға куәгерлері ақпанның 4-і күні Азаттыққа жолдаған видеода айтқан:

Бораннан бөгелгендер
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:01:53 0:00

Жергілікті баспасөздің хабарлауынша, сенбіге қараған түні Алматыға жауған қардың қалыңдығы 20-25 сантиметрді құраған, таулы жерде ол биылғы жылғы рекордтық көрсеткішке - 35 сантиметрге дейін жеткен.

XS
SM
MD
LG