Accessibility links

АҚШ әділет министрлігі Сиэтл соты шешіміне қарсылық білдірді


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

АҚШ әділет министрлігі ел президенті Дональд Трамптың жарлығының күшін тоқтату жөнінде Сиэтл сотының шешіміне наразылық білдіріп шағым беруге ниеті барын мәлімдеді. Бұған дейін Сиэтл федералдық судьясы Джеймс Робарт тұрғындарының басым бөлігін мұсылмандар құрайтын жеті елдің азаматтарына АҚШ-қа келуіне уақытша тыйым салу және Сирия босқындарын Құрама Штаттарға мүлде кіргізбеу туралы президент жарлығының күшін тоқтату туралы шешім қабылдаған. Судья шешімі бүкіл ел аумағында заңды күшке ие.

АҚШ шекара қызметі әуе компанияларына үкімет президент жарлығымен «қара тізімге» енгізілген елдер азаматтарына виза беруді тез арада қалпына келтіретінін, әлгі елдерден шыққан босқындарға Құрама Штаттарға қатынайтын ұшаққа отыруына рұқсат берілуі тиіс екені жайлы хабарлаған. Бірақ, әділет министрлігінің Сиэтл соты шешіміне қарсы шағым түсіретіні туралы мәлімдемесі жақын күндері америкалық виза мен шетелдіктердің АҚШ-қа сапарына қатысты екіұдай жағдай қалыптасып отыр.

XS
SM
MD
LG