Accessibility links

Алексей Навальный Петербургте сайлауалды штабын ашты


Ресейлік оппозициялық саясаткер Алексей Навальный.
Ресейлік оппозициялық саясаткер Алексей Навальный.

Ресейлік оппозиционер Алексей Навальный бүгін Санкт-Петербург қаласында өзінің алғашқы сайлауалды штабын ашты.

Штаб жетекшісі болып Навальный құрған, әлі ресми тіркеуден өтпеген Прогресс партиясы жергілікті бөлімінің төрайымы Полина Костылева тағайындалды. Навальный Ресейде 2018 жылы өтуі тиіс кезекті президент сайлауына түсу үшін тіркеу кампаниясын бастады.

Навальный Санкт-Петербургке қазіргі кезде өзінің ісін қарап жатқан соттың келісімін алғаннан кейін Киров қаласынан ұшып келген. Навальный мен бизнесмен Петр Офицеровке қарсы "Кировлес" компаниясының мүлкін жымқырған деген айып тағылған. Прокурор судьядан сотталушы екеуін шартты түрде бас бостандығынан айыруды және оларға ірі көлемде айыппұл салуды сұраған. Сот үкімі ақпанның 8-і күні жарияланбақ.

XS
SM
MD
LG