Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева (34) Санкт-Петербургте өтіп жатқан теннис турнирінің финалына шықты. Ол жартылай финалда әлемнің 5-ракеткасы словакиялық Доминика Цибулкованы жеңді. Екі жарым сағатқа созылған матч 3:6, 6:4, 6:4 есебімен аяқталды.
Енді Путинцева 5 ақпанда өтетін финалда франциялық Кристина Младеновичпен (51) ойнайды.
Путинцева ширек финалда әлемнің 8-ракеткасы ресейлік Светлана Кузницованы жеңген еді.
Путинцева спорттық карьерасында алғаш рет WTA Premier жарысының финалында ойнайды. Осы нәтижесінің арқасында ол WTA рейтингінде ТОР-30 теннисшінің қатарына енеді.