Accessibility links

Димаш Құдайберген Қытайдағы байқаудың 4-кезеңіне өтті


Қазақстандық жас әнші Димаш Құдайберген.
Қазақстандық жас әнші Димаш Құдайберген.

Қытайдағы "I Am a Singer" ән байқауына қатысып жатқан қазақстандық 22 жастағы студент Димаш Құдайберген байқаудың келесі – төртінші кезеңіне өтті деп хабарлайды Tengrinews сайты әншінің продюсері әрі менеджері Алпамыс Шаримовқа сілтеме жасап.

"Сүйінші, достар! Димаш келесі кезеңге жолдама алды - жалпы есепте 1-орын!" деп жазған Шаримов Instagram желісіндегі парағында.

Ақпанның 4-і күні Қытайдың Hunan TV телеарнасы эфирде көрсеткен ән байқауының үшінші кезеңінде Димаш Құдайберген әйгілі Queen тобының "The Show Must Go On" әнін ағылшынша орындап, осы кезеңнің қортындысы бойынша 3-орын алған. Байқаудың жалпы есебінде ол тізімнің ең басында тұр.

Бұған дейінгі екі кезеңде қазақстандық өнерпаз французша SOS d'un terrien en détresse әні мен ресейлік танымал әнші Витастың "Опера 2" атты туындысын орындап топ жарған.

Қытайдың Чанша қаласында өтіп жатқан "I Am a Singer" ән байқауы барлығы 14 кезеңнен тұрады. Байқау жеңімпазы сәуір айының соңында белгілі болмақ.

XS
SM
MD
LG