Accessibility links

АҚШ-та иммиграцияға қарсы жарлық күші тоқтатылды


Иммиграцияға қатысты Трамп жарлығы бойынша кеденде бөгеліп, кейін АҚШ-қа кіруге рұқсат алған ирандық студентті туысы әуежайда қарсы алып тұр. Бостон, Массачусетс, АҚШ. 3 ақпан 2017 жыл.

АҚШ президенті Дональд Трамптың иммигранттарға қатысты ережелерді күшейткен жарлығының күшін тоқтату жөнінде Сиэтл соты шешім шығарғаннан кейін көптеген шетелдік жолаушылар АҚШ-қа баратын ұшаққа отыруға мүмкіндікке ие болды. Air France, Qatar Airways, Lufthansa and Swiss Airways тәрізді әуе компаниялары қолданыстағы америкалық визасы бар жолаушыларға АҚШ-қа ұшатын әуе рейстеріне отыруға рұқсат ететіні туралы мәлімдеген.

АҚШ ішкі қауіпсіздік министрлігі президент Трамптың жарлығында аталған елдер азаматтарының Құрама Штаттарға келуіне тыйым салынатыны туралы хабарлауды доғаратынын жариялаған. Шетелдік жолаушыларды тексеру қайтадан стандартты ереже бойынша жүргізілетіні хабарланды.

Трамптың жарлығына қарсы сотқа шағым түсіргендердің бірі - Вашингтон штаты бас прокуроры Боб Фергюсон иммиграцияға тыйым салатын жарлықтың күшін тоқтату АҚШ конституциясының үстемдігін паш етеді деп мәлімдеген. «Ешкім де, тіпті президент те заңнан жоғары емес» деген Фергюсон.

Президент Трамп өзі шығарған даулы жарлықтың күшін тоқтату туралы Сиэтл федералдық судьясы Джеймс Робарттың шешімін жөнсіз деп сынап, судьяның кәсіби біліктілігіне күмән келтірген.

AzattyqTV

Денис Тен өліміне қатысы екі күдікті ұсталды
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:09 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG