Accessibility links

Франция президенттігіне кандидат Ле Пен еуродан бас тартуға уәде етті


Франция президенттігіне кандидат, әсіреоңшыл "Ұлттық майдан" партиясы жетекшісі Марин Ле Пен.
Франция президенттігіне кандидат, әсіреоңшыл "Ұлттық майдан" партиясы жетекшісі Марин Ле Пен.

Франциядағы әсіреоңшыл әрі популистік саяси күш – "Ұлттық майдан" партиясы жетекшісі Марин Ле Пен президент сайлауы кампаниясын бастады. Ол жариялаған сайлауалды бағдарламасында Францияны еуро аймағынан және Еуропадағы НАТО бірлескен күштері қатарынан шығаруға, шетелдік жұмысшы күшін пайдаланғаны үшін салықты көбейтуге, зейнетке шығу жасын төмендетуге, кейбір әлеуметтік жәрдемақы көлемін арттыруға уәде беріп, барлығы 144 міндеттемені атап көрсеткен.

Ле Пен президент сайлауында жеңіске жеткен жағдайда егер Еуропа Одағы ортақ валютадан бас тартпайтын болса, онда Францияны одақ құрамынан шығару туралы референдум өткізуге уәде еткен. "Ұлттық майдан" партиясы жетекшісі саяси бәсекелестерін жаһандануды жақтайтындар деп атап, өзін оларға балама "Франция патриоты" ретінде көрсетуге тырысады.

Жексенбі күні Марин Ле Пен президенттікке кандидат ретінде алғаш рет сөз сөйлемек.

Соңғы жүргізілген сауалнама нәтижелері бойынша, Марин Ле Пен сәуірдің 23-і күні өтетін президенттік сайлаудың алғашқы кезеңінде көп дауысқа ие болуы мүмкін, бірақ мамырдың 7-інде сайлаудың келесі кезеңінде жеңіске жететіндігіне күмән бар.

Бұған дейін 2012 жылы өткен Франция президенті сайлауында Марин Ле Пенге сайлаушылардың 18 пайызға жуығы қолдау білдіріп, ол үшінші орын алған.

XS
SM
MD
LG