Accessibility links

Универсиада: Қазақстан биатлоншылары эстафетада күміс алды


Алматы универсиадасындағы биатлоншылар бәсекесі. 4 ақпан 2017 жыл. (Сурет универсиаданың ресми сайтынан алынды.)

Бүгін Қазақстан биатлон құрамасы Алматыда өтіп жатқан қысқы универсиада ойындарында эстафеталық жарыста күміс медаль иеленді.

Эстафетаға Қазақстан құрамасы сапында Галина Вишневская, Дария Усанова, Василий Подкратов және Антон Пантов қатысты.

Алтын медальді Ресей командасы жеңіп алды, қола жүлдені Украина спортшылары еншіледі.

Бұған дейін ақпанның 4-і күні қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен универсиада чемпионы атанған.

Қазақстан құрамасы қазір 10 алтын, 3 күміс және 9 қола медальмен жалпы есепте екінші орында келеді. Ал бірінші орындағы Ресей командасында 16 алтын, 18 күміс және 9 қола жүлде бар.

Алматыдағы қысқы универсиада ойындары ақпанның 8-іне дейін жалғасады.

  • 16x9 Image

    Руслан МЕДЕЛБЕК

    1990 жылы 4 қаңтарда дүниеге келген. Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетін "Халықаралық журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Халықаралық спорт журналистері қауымдастығы мен Халықаралық олимпиада комитетінің жас репортері. 2012 жылдан бері "Азаттық" радиосының тілшісі. Сочи, Рио, Пхенчхан олимпиада ойындарынан тікелей хабар таратты.

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

AzattyqTV

78 жастағы атлет
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:33 0:00
Аққоян Ырсалиев

78 жастағы атлет

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG