Accessibility links

АҚШ әділет министрлігі шағымын сот қанағаттандырмады


АҚШ туын жамылған ер адам Нью-Йорктегі Еркіндік ескерткішіне қарап тұр.
АҚШ туын жамылған ер адам Нью-Йорктегі Еркіндік ескерткішіне қарап тұр.

АҚШ апелляциялық соты президент Дональд Трамптың иммиграциялық ережені күшейту туралы жарлығының күшін тоқтатқан Сиэтлдегі федералдық судьяның шешіміне қарсы әділет министрлігінің берген шағымын қанағаттандырмады деп хабарлады Reuters.

Бұған дейін АҚШ әділет министрлігі тұрғындарының басым бөлігін мұсылмандар құрайтын жеті елдің азаматтарына АҚШ-қа келуіне уақытша тыйым салу және Сирия босқындарын Құрама Штаттарға мүлде кіргізбеу туралы президент Трамптың жарлығының күшін тоқтатқан Сиэтл сотының жұма күні қабылдаған шешіміне қарсы шұғыл апелляциялық шағым түсірген. Президент Трамп Сиэтл федералдық судьясы Джеймс Робарт тың шешімін «күлкілі» деп атаған.

Бұған дейін Трамптың жарлығына қарсы сотқа жүгінгендердің бірі - Вашингтон штатының бас прокуроры Боб Фергюсон иммиграцияға тыйым салатын жарлықтың күшін тоқтату АҚШ конституциясының үстемдігін паш етеді деп мәлімдеген. «Ешкім де, тіпті президент те заңнан жоғары емес» деген Фергюсон.

XS
SM
MD
LG