Accessibility links

Астана-Ақтөбе жолаушы пойызы жолда ұзақ бөгелді


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Астана-Ақтөбе бағытына жолаушы тасымалдайтын 87-пойыз Құсмұрын кентінде 10 сағаттан астам уақыт бөгелгені туралы ақпаратты "Жолаушылар тасымалы" акционерлік қоғамы растады деп хабарлайды Tengrinews сайты.

"Техникалық себептерге байланысты 87-пойыз Ақтөбеге кестедегі уақытынан кешігіп жетеді" деген компания баспасөз қызметі. Сонымен бірге компания ақпаратында пойыздағы 170 жолаушының барлығына тамақ берілгені туралы айтылған.

Билетте көрсетілген жерге жеткен соң жолаушының "Темір жол көлігі" туралы заң мен ережелерге сәйкес, пойыздың кешіккені үшін өтемақы алуына болатыны хабарланды.

Бұған дейін әлеуметтік желіде Астанадан Ақтөбеге бара жатқан жолаушылар пойызының Құсмұрын станциясында бірнеше сағат бойы тұрып қалғаны туралы ақпарат тараған.

Жолаушылар пойызының ұзақ уақыт бөгелуіне не себеп болғаны айтылмайды.

XS
SM
MD
LG