Accessibility links

Австрияда ұсталған шешен азаматтары қолхатпен босатылды


Вена полициясы (Көрнекі сурет).

Австрия полициясы Венада ұсталған шешен азаматтарын ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатты. Олардың үстінен "қылмыстық топ құрамында болды" деген күдікпен іс қозғалған. Австрияның APA агенттігінің хабарлауынша, ұсталғандың біразын тексеруден соң елден шығаруы мүмкін.

4 ақпанда Венада Шешенстаннан шыққан 22 адам ұсталғаны хабарланған. Олардан автомат, тапанша мен оқ-дәрілер тәркіленген. Жергілікті тұрғындар қаланың орталық алаңында күдікті топ адамға назары түскен соң полицияға шағымданған. Оқиға орнына терроризммен күрес жөніндегі арнайы құрылым жасағы барған.

Кейін жергілікті билік шешен азаматтарының ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты қылмыстық істі тергеу аясында ұсталғанын мәлімдеді. Ұсталғандардың 16-сының босқын мәртебесін алғаны, екеуіне ондай мәртебе беруден бас тартылғаны анықталған.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG