Accessibility links

АҚШ-та демократтар да, республикашылдар да президент Дональд Трампты телеарнаға берген сұхбатында Ресей президенті Владимир Путинді қорғаған пікірі үшін сынап жатыр.

Трамп Fox News жүргізушісі Билл О'Райлиге берген сұхбаты кезінде оның "Путинді құрметтейсіз бе?" деген сұрағына "Құрметтеймін" деп жауап берген. О'Рейли сосын "Бірақ ол кісі өлтіруші ғой. Путин - қанішер" деген. Бірақ Трамп оған "Кісі өлтірушілер көп. Ондайлар бізде де жеткілікті. Біздің еліміз кінәсіз деп ойлайсыз ба?" дегп жауап берген.

Сенаттағы республикашылдар жетекшісі Митч МакКоннелл президенттің сөзіне байланысты "Орыстардың өзін қалай ұстауын АҚШ-тың әрекетімен салыстыруға болмайды. Путин- КГБ-ның бұрынғы агенті, баскесер, көпшілігі сайлау деп санайтын жолмен сайланбаған президент" деді МакКоннелл CNN-ге.

Небраска штатының сенаторы, Трампты жиі сынайтын Бен Сассе де ABC-ге берген сұхбатында "|Еркіндікті сүйетін ұлы ұлтпен, АҚШ-пен баскесерлердің арасында ешқандай моральдық теңдік жоқ". АҚШ-тың Ресейдегі бұрынғы елшісі әрі Барак Обаманың кеңесшісі Майкл МакФол Трамптың сөзін "жиіркенішті" деп атады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG