Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева 6 ақпанда жарияланған WTA рейтингінде 34-орыннан 27-орынға көтерілді. Бұл нәтижеден кейін ол Азияның бірінші ракеткасы атанып отыр.
Путинцева 5 ақпанда Санкт-Петербургте (Ресей) өткен теннис турнирінің финалына шығып, франциялық Кристина Младеновичтен жеңілген. Осы жарыстың финалына шыққаны үшін 70 мың АҚШ доллары мен 250 рейтингтік алды.
Қазақстандық Ярослава Шведова 46-орында, Зарина Дияс 166-орында тұр.
Әлемдік рейтингте үздік үштікке Серена Уильямс (АҚШ), Анжелика Кербер (Германия) және Каролина Плишкова (Чехия) енген.