Accessibility links

Астанада Сирия жөніндегі "техникалық" келіссөз өтіп жатыр


Астанадағы Сирия бейбіт келіссөзінің қорытынды баспасөз конференциясы. Астана, 24 қаңтар 2017 жыл.

Астанада Ресей, Түркия және Иран өкілдері Сириядағы бітімді бақылау механизмдерін талқылайтын техникалық келіссөзін бастады.

Қазақстан сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, Астанадағы жиынға БҰҰ мен Иордания өкілдері де қатыспақ.

Астанада Сирия бейбіт келіссөзінің 23-24 қаңтарда өткен алғашқы кезеңінде тараптар 6 жылға ұласқан азаматтық соғысты саяси жолмен реттеуде алға ілгерілей алмаған. Бірақ тараптар Сирияда өткен жылдың соңында жарияланған әлсіз бітімнің сақталуына мониторинг жасайтын Біріккен жедел топ құруға уағдаласқан. Біріккен жедел топ құрамында Сирия келіссөзіне бастамашы Ресей, Түркия және Иран өкілдері бар.

Сирия қақтығыстында Мәскеу мен Тегеран президент Башар Асадты, Анкара оппозицияны қолдайды.

Сирияда азамат соғысы басталған 2011 жылдың көктемінен бері 300 мыңға тарта адам қаза тауып, миллиондаған адам босып кетті.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG