Accessibility links

Косово: Этникалық сербтер қаланы бөлетін қабырғаны өздері бұзды


Косовоның солтүстігіндегі Митровица қаласында салынған қабырғаны бұзып жатыр. 5 ақпан 2017 жыл
Косовоның солтүстігіндегі Митровица қаласында салынған қабырғаны бұзып жатыр. 5 ақпан 2017 жыл

Косовоның солтүстігіндегі Митровица қаласының этникалық сербтері қаланы екіге бөліп тұрған және соңғы уақытта Сербия мен Косово арасындағы қарым-қатынастың шиеленісуіне себеп болған қабырғаны ауыр техникамен бұзып қиратты. Қабырғаны сүру 5 ақпанда Косово үкіметі мен этникалық азшылықты құрайтын сербтер арасында АҚШ елшілігі және Еуропа Одағының арағайындығымен келісім жасалған соң бұзылды.

Косово премьер-министрі Иса Мустафа бұған дейін сербтерді егер қабырғаны өздері бұзбаса онда оны үкімет сүретінін ескерткен. Қабырғаны ьұзу келісімі туралы толық айтылмайды.

Қабырғаның бұзылуын италиялық карабинерлер бақылап тұрды. Олар Косово территориясына НАТО бітімгерлік миссиясы аясында орналастырылған.

Сербтер қабырғаны өткен жылы желтоқсанда тұрғыза бастаған. Олар қабырға жағалауды ықтимал көшкіннен қорғайды деген. Бірақ Косово үкіметі қабырға қаланы этникалық белгісі бойынша одан ары бөлу үшін салынып жатыр деп тапқан.

Косово Сербиядан 2008 жылы тәуелсіздігін жариялаған. Бірақ Сербия Косовоны дербес мелмекет деп мойындамайды. Косовоның тәуелсіздігін 114 мемлекет, оның ішінде АҚШ пен Батыс елдерінің көпшілігі мойындаған. Ресей Косовоны егеменді ел деп танымайды.

XS
SM
MD
LG