Accessibility links

БҰҰ: Ауғанстанда шабуылдан құрбан болған бейбіт адам саны артты


Кабул түбіндегі елдің ішінде босып жүрген ауғандықтарға арналған лагерь, Ауғанстан (Көрнекі сурет).
Кабул түбіндегі елдің ішінде босып жүрген ауғандықтарға арналған лагерь, Ауғанстан (Көрнекі сурет).

БҰҰ 2016 жылы Ауғанстанда шабуылдардан бейбіт тұрғындар арасында құрбан болғандар саны рекордтық межеге жеткенін хабарлады.

БҰҰ-ның Ауғанстанға көмек көрсету миссиясының (UNAMA) мәліметінше, былтыр Ауғанстандағы қақтығыста 3498 бейбіт тұрғын қаза тауып, 7920 адам жараланған. Құрбандар мен жаралыларды қоса алғандағы сан 2015 жылғы көрсеткіштен үш пайызға көп. Қаза тапқандар мен жараланғандардың үштен бірі - балалар, құрбандардың 61 пайызының қазасы "Талибан", Ислам мемлекеті" (ИМ) сияқты үкіметке қарсы топтардың әрекетінен болған.

БҰҰ сарапшылары 4953 адамның қаза табуы және жаралануы "Талибанның" шабуылдарымен байланысты дейді.

БҰҰ миссиясы сонымен қатар өткен жылы ИМ шабуылдарынан қаза тапқандар мен жараланғандар саны 899 адамға жеткенін айтады. ИМ шабуылын күшейткен өткен жылы бейбіт адамдардың шығыны 10 есеге артқан.

Ауғанстандағы бейбіт тұрғындар арасында қаза тапқандар мен зардап шеккендер санының 20 пайызы қауіпсіздік күштері қызметтерінің әрекетінен, 2 пайызы үкіметке жақтас көтерілісшілер мен 2 пайызы халықаралық күштердің іс-қимылынан болған.

XS
SM
MD
LG