Accessibility links

Душанбе: Рустам Эмомалидің мэр болуы заңға қайшы емес


Рустам Эмомали, Душанбе мэрі, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның үлкен ұлы.
Рустам Эмомали, Душанбе мэрі, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның үлкен ұлы.

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның ұлы Рустам Рахмонның Душанбе қаласының төрағасы болып тағайындалуы ел заңдарына қайшы келмейді деп мәлімдеді Тәжікстан президенті жанындағы мемлекеттік қызметі істері агенттігі.

Агенттік жетекшісі Джума Давлатов бүгін Душанбеде өткен баспасөз конференциясында Рустам Эмомалидің жергілікті және шетелдік оқу орындарын бітіргені жөнінде үш дипломы барын айтты.

"Жаңа қызметтегі алғашқы жұмыс күндері оның өз міндетін атқара алатынын көрсетті. Ол қаржылық бақылау және коррупциямен күрес агенттігінің жетекшісі қызметін атқарған кезінде ешқандай ұятқа қалған жоқ" деді Давлатов.

Оның сөзіне қарағанда, Тәжікстан заңдары бойынша қала мен аудан басшылары үш жылда бір рет қайта даярлықтан өтіп тұруы тиіс және Душанбе мэрі де ол курстарға шақырылған.

Эмомали Рахмонның үлкен ұлы Рустам Эмомали 12 қаңтарда Махмадсаид Убайдуллоевтің орнына Душанбе мэрі болып тағайындалған. Мұның алдында Рустам Эмомали кеден комитеті мен коррупцияға қарсы ведомствоны басқарған.

XS
SM
MD
LG