Accessibility links

Брюссельде Баку мен ЕО-ның жаңа келісімі талқыланады


Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев пен ЕО-ның сыртқы саясат жөніндегі жоғарғы комиссары Федерика Могерини. Брюссель, 6 ақпан 2017 жыл.
Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев пен ЕО-ның сыртқы саясат жөніндегі жоғарғы комиссары Федерика Могерини. Брюссель, 6 ақпан 2017 жыл.

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев бүгін Баку мен Еуропа Одағы (ЕО) арасындағы екі жақты байланыстарды кеңейтуге арналған әріптестік туралы жаңа келісім жөнінде келісөз жүргізу үшін Брюссельге сапарлап барды. Ильхам Әлиев мұнда бүгін Еуропа кеңесінің төрағасы Дональд Тускпен және ЕО-ның бірқатар жоғары шенді басшыларымен кездеседі.

ЕО мен Әзербайжан арасындағы жаңа құрылым 1999 жылы күшіне енген әріптестік және ынтымақтастық туралы келісімді алмастырады деп жоспарланған. 1999 жылғы келісім сауда, инвестиция, экономика, заңнама салаларындағы қарым-қатынасты, мәдениет пен саяси диалог бойынша ынтымақтастықты реттейді.

Келіссөз қарсаңында 70-тен астам құқық қорғау ұйымдары ЕО басшыларын Әлиевтің сапарын Бакуге "Әзербайжандағы адам құқығы саласында нақтылы, мызғымас реформалар жүргізу қажеттігін" ұғындыруға пайдаланып қалуға шақырған.

Human Rights Watch ұйымының бүгін жариялаған мәлімдемесінде соңғы бірнеше жылда Әзербайжан билігінің "белсенділікті, сыни журналистиканы, оппозициялық саяси іс-қимылдарды белсенділерді, белгілі құқық қорғаушылар мен журналистерге доқ көрсетіп, түрмеге жабу арқылы шектеудің келісілген шараларын жасап жатқаны айтылады.

"Қатал заңдар тәуелсіз топтардың жұмысына және оларды қаржыландыру мүмкіндіктеріне кедергі келтіреді" дейді HRW.

Еуропа парламенті бүгін сонымен қатар Әзербайжандағы адам құқығының жай-күйіне арналған талқылау өткізеді. Азаттықтың Әзербайжан редакциясының журналисі Хадиджа Исмалова талқылауға Бакуден видеобайланыс арқылы қатысады деп жоспарланған.

XS
SM
MD
LG